4.1. Пайдаланушыға шектеулі контенті бар Freemium нұсқа ұсынылады.
4.2. Premium нұсқасына қосылған жағдайда, Пайдаланушыға осы Келісімнің 4.3-тармағында көрсетілген баға бойынша толық контентке рұқсат беріледі.
4.3 Қызметтердің құны және төлеу тәртібі Жазылымды таңдау кезінде Мобильді қосымшада көрсетіледі.
4.4. Жазылым құны:
- 1 (бір) айға 990 (тоғыз жүз тоқсан) теңге.
- 3 (үш) айға 2 490 (екі мың төрт жүз тоқсан) теңге.
- 6 (алты) айға 3 990 (үш мың тоғыз жүз тоқсан) теңгені құрайды.
4.5. Бағалар сіздің аймағыңызға байланысты өзгеруі мүмкін.
4.6. Компания таңдалған Жазылым үшін қаражатты автоматты түрде есептен шығаруға құқылы.
4.7. Жазылым бағалары өзгерген жағдайды Компания мобильді қосымшада Пайдаланушыны хабардар етеді.
4.8. Тараптар қандай да бір себептермен жазылымнан бас тартқан жағдайда, ақша App Store және Google Play дүкендерінде көрсетілген шарттар бойынша қайтарылады.
4.9. Жазылымнан бас тартқан жағдайда пайдаланушы құрылғы параметрлеріне өтіп, Жазылымнан бас тартуы керек.
4.9.1 Google Play және App Store ережелеріне сәйкес, егер сіз қосымшада сатып алған жазылымнан бас тартсаңыз, ақша қайтарылмайды, бірақ контент есеп айырысу кезеңіне дейін қолжетімді болып қалады. Осыдан кейін жазылым жойылады және қайта төлемдер алынбайды.