«Марио қонжық және ана жүрегі»
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада... Біздің кішкентай ғана Марио атты қонжығымыз анасының айтқан ақылын, ескертулерін еске алмай, өз бетімен болуды жөн көріпті. Тәртіп бұзып, барлығын керісінше істегенді қалайды екен: зиянды, қауіпті заттармен ойнап, тәттіні тым көп жейді екен. Анасына қарсы шығып, бұртиып, ренжіп те қалыпты, анасының қонжықтан көңілі қалады. Сол үшін жүрегі ауырып, уайымдайды екен. Беттен алып, тіл алмаудың салдарынан болған ана жүрегінің жабырқауын кішкентай Марио «көріп» қалады... Оған ерекше қабілет дарып, өз қателігін түсініп, анасынан кешірім сұрайды екен.
Бұл ертегіден ана мен баланың қарым-қатынас әдебін, үлкен мен кішінің арасындағы кейбір сәттерді ұғынуға болады.